Accessibility links

АҚШ президенті Ирақтағы американдық әскерлер біртіндеп елге оралады деді


АҚШ президенті Джордж Буш кеше сөйлеген сөзінде Ирақтағы әскерлер саны біртіндеп азаяды деп айтты. Теледидар арқылы айтқан жолдауында, Буш 5700 АҚШ әскері жылдың соңына дейін Ирақтан еліне оралады деген. Ол өзінің Ирақтағы қолбасшы Американ генералы Дэвид Петреуостың жасақтар санын азайту жөніндегі кеңестерін қабылдағанын айтқан. Буштың сөзіне қарағанда, Ирақтағы әскерлер санын қысқарту бұл елдегі жетістіктерге байланысты болады. Және ол Құрама Штаттардың Ирақта болуы өзінің 2009 жылдың қаңтарындағы өзінің президенттік мерзімі аяқталғанша болатынын айтқан.
XS
SM
MD
LG