Accessibility links

Қырғызстан Конституциялық соты ел Конституциясына өткен жылдың аяғында енгізілген түзетулерді жоққа шығарды


Өткен қараша-желтоқсан айларында қырғыз елінің Конституциясына енгізілген өзгерістер алдымен президент билігін шектеу туралы, одан кейін, керісінше, президент құзырын біршама кеңейту туралы болып, мұның соңынан Бішкекте наразылық шерулері етек алған-ды. Конституциялық сот үкімінде аталған іс бойынша бұл түпкілікті шешім екендігі айтылып, ел Конституциясының 2003 жылғы нұсқасы күшінде қалатыны атап көрсетілген.
XS
SM
MD
LG