Accessibility links

Германияда шыққан тегі ауғандық азамат раввинге шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алынды


Франкфурт қаласында 7 қыркүйек күні раввинге пышақ жұмсап өлтірмек болды деген күдікпен 22 жасар бұл адам бейсенбі күні ұсталған. Прокурорлардың мәлімдемесінде күдікті өзіне тағылған антисемиттік әрекеттерге барды немесе раввинді өлтірмек болды деген айыптарды мойындамаған. Хабарларға қарағанда күдікті Германияда туған, оның ата-анасы ауғандық.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG