Accessibility links

АҚШ-та Ирақ соғысына қарсы наразылық шарасы өтті


АҚШ астанасы Вашингтонда Ирақ соғысына қарсы наразылық шарасына қатысқан 200-ге жуық адам қамауға алынды. Хабарларға қарағанда, кей наразылық танытушыларды тарату үшін полиция бұрыш сұйықтығын шашыратқан. Шерушілер АҚШ әскерлерін Ирақтан шығаруды және президент Джордж Бушқа импичмент жариялауды талап етті. Олар Ақ Үйден АҚШ Конгресі жиналатын Капитолийге дейін барған. Бұл наразылық акциясына мыңдаған адам қатысқан. Сонымен қатар Буштың Ирақтағы саясатын қолдайтын аздаған адам да көшеге шықты деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG