Accessibility links

Ауғанстанда Бангладеш азаматы ұрланды


Ауғанстанның Логар өлкесінде үкіметтік емес ұйымында жұмыс істейтін Бангладеш азаматы ұрланды. Бұл ұйым жергілікті жобаларды дамыту үшін несие беретін. Хабарларға қарағанда, сенбі күні белгісіз қарулы адамдар Багладеш азаматын Пул-е Аламнан ұрлап әкеткен. Ал ол жұмыс істеген ұйымның тағы бір қызметкері Ауғанстанның солтүстік-шығыс аймағында сәрсенбі күні оққа ұшқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG