Accessibility links

Ирақтағы суннит тайпасы лидерінің өліміне қатысы бар деп күдіктелген “Әл-Қаида” соғысушысы тұтқындалды


Ирақтағы АҚШ әскерилері суннит тайпасы жетекшісінің өліміне қатысы бар деп күдіктелген “Әл-Қаида” соғысушысын қамауға алғандарын хабарлады. АҚШ-тың одақтасы деп есептелген Абдул Саттар Абу Риша бейсенбі күні Рамади қаласында орын алған бомба жырылысынан қаза тапқан болатын. Абу Риша “Әл-Қаидаға” қарсы күрес жүргізген. Ұсталған соғысушының аты Фаллах Халифа Хияс Файас әл-Жумайли деп хабарланып отыр. Ол Бағдадтың солтүстігіндегі Балад аймағында жүргізілген операция барысында тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG