Accessibility links

Литвиненконың өлімі бойынша күдікке ілінген Луговой парламент сайлауына түспекші


Александр Литвиненконың өліміне қатысы бар деген күдікпен Британия талап етіп отырған Андрей Луговой әсіреұлтшыл либералды-демократиялық партияның басты кандидаттарының бірі болмақ. ЛДПР-дың жетекшісі В.Жириновский Ресей қауіпсіздік қызметінің бұрынғы офицері Андрей Луговой желтоқсандағы парламент сайлауында партия кандидаттары тізіміндегі екінші тұлға болады деп айтты. Өткен қараша айында радиоактивті затпен уланып өлтірілген Литвиненконың өліміне қатысы бар деп күдіктелген Луговойды Британия тарабы тергеуге берілуін талап еткен, бірақ бұл талапты Мәскеу кері қаққан болатын.
XS
SM
MD
LG