Accessibility links

В.Путин 2012 жылы президенттік таққа қайтып оралуы тиіс дейді жоғарғы палата спикері


Ресей парламентінің жоғарғы палатасы - Федерациялық кеңес төрағасы 2012 жылы Владимир Путин үшінші мерзім президенттік сайлауға қатысуы керек деп атап көрсеткен. Сергей Миронов Владимир Путиннің 2012 жылы қайта бақ сынап, онда жеңіп шығатындығына өзінің сенімді екендігін айтады. Жұма күні бір топ журналистер алдында сөйлеген сөзінде В.Путиннің өзі 2012 жылы президенттік сайлауға қайта түсу мүмкіндігін жоққа шығармаған болатын. В.Путин Конституцияға сәйкес 2008 жылғы сайлауда үшінші мерзімге президенттікке үміткер ретінде қатыса алмайды.
XS
SM
MD
LG