Accessibility links

Ас-Садр қозғалысы Ирақ одағынан шығамыз деп мәлімдеді


Шииттер көсемі Мұхтада ас-Садрдың саяси қозғалысы Ирақ үкіметінде басым орынды алып отырған Ирақ біріккен одағынан кетпекші. Кеше Нажаф қаласында жарияланған мәлімдемеде бұндай шешім қабылдауға Одақ тарапынан біздің талаптарымызға жауап берілмегендігі себеп болды делінген. Бұдан бұрын аталған қозғалыс Нури әл-Малики үкіметіндегі мүшелерін кері шақырып алған болатын.
XS
SM
MD
LG