Accessibility links

Вашингтонда мыңдаған адам Ирақтағы соғысқа наразылық шеруіне шықты


АҚШ астанасында ондаған мың адам Ирақ соғысына қарсылық білдіріп, американдық әскерлерді үйге қайтару, президент Д.Бушқа импичмент жариялау туралы талаптарды алға тартып шерулетуде. Ассошайтед пресс агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні наразылық акциясына шыққандардың кемінде 160-тайы тұтқындалған. Демонстранттар мен полиция арасында шағын қақтығыс болған. Наразылық білдірушілер Ақ үйден Конгресс мәжіліс өткізіп жатқан Капитолға дейін шерулетіп жүріп өткен.
XS
SM
MD
LG