Accessibility links

Еуропа соты “Майкрософтқа” қарсы шешім шығарды


Еуропа сотының шешіміне сәйкес АҚШ-тың Майкрософт компаниясы нарықтағы жетекші орнын теріс пайдаланып өзінің кішірек бақталастарына зардап келтірген. Сөйтіп Еуроодақтың бірінші сатысындағы соты Майкрософтың аппеляциялық арызын жоққа шығарып Еурокомиссияның 2004 жылғы шешімін өз күшінде қалдырды. Оған сәйкес, компьютер саласындағы бұл компанияға шамамен 500 миллион евро айыппұл салынды. Коммисияның айтуынша, Майкрософт компаниясы өзінің Windows операциялық жүйесіне музыка мен видео ойнататын Windows Media Player деген программасын енгізіп, нарықтағы бәсекелестеріне зиян келтірген. Еуропа Комиссиясы соттың шешімін коштады. “Майкрософт заңды міндеттемелерін толығымен орындауы тиіс және бәсекелестікке қарсы басқарушылықтан тиылуы керек”, - деді Еурокомиссия өкілі Нили Кроес.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG