Accessibility links

Франция Иранның ядролық бағдарламасына орай соғыс ашылуы мүмкін деп ескертті


Франция сыртқы істер министрі Бернар Кушнер Иранның даулы ядролық бағдарламасына орай әлем елдері соғысқа дайын болуы тиіс деп мәлімдеді. Жексенбі күні Кушнер Иранмен арадағы келіссөздер ақырына дейін жалғасуы керек бірақ Иран ядролық қаруға ие болса “бүкіл әлемге нағыз қауіп төндіреді” деді. Кушнердің айтуынша, Франция Еуропа Одағының Иранға қарсы қосымша санкцияларды енгізуге дайын болуын қалайды. Ал Иранның ресми ақпарат құралы Францияны АҚШ-қа жалпылдауда деп айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG