Accessibility links

Астанада Әлемдік және Дәстүрлі діндер жетекшілерінің сьезі хатшылығының кезекті отырысы басталды

  • Досан БАЙМОЛДА

Қыркүйектің 18- күні, Астанадағы ‘Бейбітшілік және келісім сарайында‘ әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің сьезі хатшылығының екі күнге жағасатын отырысы өз жұмысын бастады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің 2-ші құрылтайы 2006 жылы қыркүйек айында Астана қаласында өткен болатын. Оған 20 шақты елден ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және тағы басқа дәстүрлі діни конфессиялардың өкілдері қатысқан болатын. Форумда халықаралық қауіпсіздік, шиеленісті мәселелерді шешудегі діндердің рөлдері, діни сенім еркіндігі мәселелері талқыланған болатын.

Сейсенбі күні Астанада басталған әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің сьезі хатшылығының осымен 6-шы реткі отырысына қатысушы Сауд Арабиясының ислам діні істері жөніндегі министрінің кеңесшісі Маджид бен Абдель Азиз ат-Турки сессияға қатысушыларды таяуда Швецияның БАҚ-тарында жарияланған қасиетті Мұқаммед пайғамбарды келемеждеген материалдарды айыптауға шақырды.

Ол ‘мұсылмандар арасынан әлдекім христиан мен иудайзм діндері ол діндердің пайғамбарларын келемеждеп , мазақтаған оқиғасының бұрын соңды болып көрмегенін айта келе ал батыс ақпарат құралдары болса ислам діні мен Мұқаммед пайғамбарды мазақтап келемеждеулерін қоймай келе жатқанын атаған.

- Батыстың ақпарат құралдарының шектен тыс осындай жағдайға баруына ондағы БАҚ мәдениетінің төмен болуы бір жағынан әсер етсе екінші жағынан олар үшін ислам дінінің барған сайын қанат жайып бара жатуы қорқыныш туғызып отыр, - дейді қазақстандық ‘Мысль‘ журналының бас редакторы Сейдақмет Құттықадам.

Алайда батыс ақпарат құралдарында ислам діні мен қасиетті Мұқаммед пайғамбарды келемеждеп, мазақ етуіне онша көңіл бөлмеген дұрыс сол арқылы мұсылмандар өздерінің сабырлық таныта алатын үлкен қасиетке ие екендіктерін білдіру дұрыс дейді ол.

Ал қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев Сауд арабиясы өкілінің айтқан батыс БАҚ-рында жарық көрген бұндай материалдарды айыптау дұрыс болмақ, бұған қарсы шараларды әлден қолға алған жөн дейді.

Ал саясаттанушы, Ұлт тағдыры қозғалысының жетекшісі Дос Көшім ислам діні мен Мұқаммед пайғамбарды келемеждеу, мазақтау мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан заң тұрғысынан тиым салу қажет сонда ғана бұл мәселе өз шешімін таба алады деп санайды.

Ал Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, Германияда сурет акедемиясын бітірген Өмірзақ Рыстанұлы батыс БАҚ тарында Мұқамед пайғамбарды келемеждеп сызудан бұрын әуелі олар өздерінің христиан дінінің пайғамбарларын да осылай келемеждеп сызған болса онда бұған онша назар аудармауға болар еді, тек ислам дініне оның қасиетті пайғамбарына былай біржақты тису бұл дұрыс емес деген пікір айтады.
XS
SM
MD
LG