Accessibility links

Өзбекстанда желтоқсан айында президенттік сайлау өткізіледі


Өзбекстан сайлау комиссиясының жетекшілері президенттік сайлауды биылғы 23-желтоқсанда өткізуге шешім қабылданды деп хабарлады. Орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Мирзоұлұгбек Абдисаломов сайлау науқаны осы жұма, 21 қыркүйек күні басталады деп атап көрсеткен. Өзбекстанның қазіргі президенті Ислам Каримов ең алғаш рет 1991 жылы ел президенті болып сайланған. Елдің Ата заңы бойынша ол енді келесі мерзімге президенттік сайлауға түсе алмайды. Халықаралық бақылаушылар болса, Өзбекстандағы сайлаулар ешқашанда әділетті және еркін өткен емес деп сынап келеді.
XS
SM
MD
LG