Accessibility links

Азияның қор биржалары АҚШ-тың ипотекалық несие жүйесіне құлақ түріп отыр


ТОКИО: Бүгін Азияның қор биржаларында акциялардың бағасы едәуір көтерілді. Жапония мен Гонконгте негізгі индекстер 3 пайызға өссе, Оңтүстік Корея мен Аустралияның және Сингапурдың биржаларындағы бағалар 2 пайызға көтерілді. Қаржы сарапшыларының пікірінше, биржаларға Америка Құрама Штаттарындағы ипотеканың пайыздық көрсеткішінің жарты пайызға төмендетілуі ықпал еткен. Сейсенбі күні АҚШ-тың Орталық банкі немесе Федералдық қор жүйесі ипотекалық несие нарығын дағдарыстан шығару үшін оның пайыздық өсімін дарты пайызға төмендетті. Бұл 2003-інші жылдан бері алғаш рет болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG