Accessibility links

2 млн. халықты қырған “Қызыл кхмерлердің” ақырғы көсемі қолға түсті


ПЭЙЛИН: Камбоджадағы “Қызыл кхмерлердің” тірі қалған ең қарт лидерінің бірі, “2-нші бауыр” деген лақап аты бар Нуон Че (Nuon Chea) бүгін қолға түсті. Соттың өкілдері растағандай, оны тұтқындауға армия полициясының, ішкі істер министрлігінің және БҰҰ-ының өкілдері қатысып, бүгін таң сәріде Тайланд шекарасына жақын Пэйлиндегі өз үйінде тұтқындады. Ол Комбоджа сотының төтенше палатасының абақтысына жабылды. “Қызыл кхмерлер” үстемдік еткен 1975-1979-ыншы жылдары Камбоджада аштықтан, қара жұмыстан, түрлі жұқпалы ауру мен жәбірлеуден 2 млн.-ға жуық халық қырылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG