Accessibility links

Ресми Вашингтон МАГАТЭ агенттігінің Иранға деген стратегиясына наразы


ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін Таяу Шығыс аймағына сапармен келетін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс атом қуаты бойынша Халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Иранға қатысты стратегиясын өткір сынға алды. Ресми Вашингтон МАГАТЭ-нің Бас директоры М.Әл-Барадидің Ираннан оның ядролық бағдарламасына қатысты маңызды сауалдарға табанды түрде жауап талап етпеген әрекетіне наразы болды. Таяу Шығысқа келе жатқан жолында К.Райс МАГАТЭ агенттігін Теһранның ядролық мәселесін шешу үшін “тісі бар дипломатияны” қолдануға шақырды.
XS
SM
MD
LG