Accessibility links

Ауғанстанда жоғары шенді полиция қызметкеріне қастандық жасалды


ГАЗНИ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Газни қаласында беймәлім қаскүнем полицияның жоғары шенді өкілін атып өлтіріп, оның оққағарын жаралап кетті. Газни облысы әкімінің қауіпсіздік қызметінің бастығы Раис Хан сейсенбі күні кешкісін елге оралған ауғандықтар үшін салынып жатқан қалашыққа барған сәтінде оққа ұшты. Газни полициясы бастығының өкілі Мұхаммад Заман әлгі қаскүнемнің қашып құтылғанын хабарлады. Газни облысы – тәліптер жиі шабуыл жасайтын Ауғанстанның ең беймаза өлкесінің бірі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG