Accessibility links

Астанада 20 қыркүйекте Сыртқы істер министрлігінде арнаулы жұмыс тобы әзірлеген Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы негізгі баяндаманың тұсаукесері болды. Авторлардың айтуынша бұл баяндама Қазақстандағана емес ТМД елдері арасында жасалған тұңғыш құжат. Және бұл құжат негізінде алдағы 5 жылға көзделген Қазақстанның адам құқықтары саласындағы әрекеттерінің ұлттық жоспары жасалады деп хабарланып отыр. Ал кейбір үкіметтік емес ұйым өкілдері бұл баяндамада ескерілмеген жайттар көп, сондықтан оған 3 деген баға қоюға болады дейді.

Ресми мәлімет бойынша бұл негізгі баяндама Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тапсырысы бойынша, тәуелсіз әлеуметтанушылармен президент жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия қызметіне негізделген. Осы сарапшылардан құрылған жұмыс тобының Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы базалық баяндаманың қорытындысында жазылғандай, адам құқығы саласындағы көрініп тұрған жетістіктерге қарамастан Қазақстанда құқық қорғау тетіктері елеулі түзетулерді қажет етеді. Өкінішке орай адам құқықтары әзірге мемлекеттік саясаттың абсолютті басымдығы бола қойған жоқ, дейді жұмыс тобының сарапшылары. «Әлі күнге дейін Қазақстанда адам құқықтарын қорғаудағы барлық билік тармақтарының түсіністігімен үйлестірудің қажетті деңгейі жоқ. Билік тіктемесі яғни вертикалі қоғамдық ұйымдармен толықтырылуға тиіс», дейді жұмыс тобының сарапшылары. Ал Астана тұрғыны Назгүл Құдайбергенованың айтуынша Қазақстанда адам құқықтары формальді түрде орындалады:

- Адам құқығына келсек биліктегі азаматтар бәрі керемет деп жариялағанымен төмен жақтан қарағанда көтпеген бұзылып жатқан жайтар бар. Жаңағана біз «Альянс» банкқа барып несие алайын деп бүкіл құжаттарымызды дайындап апарып енді несие алайық деген кезде, бізге 20 мыңнан бастап ақша берсең 5 минутта алып береміз, әйтпесе жарты күн күтесіңдер деді.

Үкіметтік емес ұйым «Сандж» зерттеу орталығының директоры Жанара Жандосованың айтуынша көптеген зерттеулер көрсеткендей жемқорлық базары көлемінің үлкендігі әділ сот өндісірін жоққа шығарады.

Жандосованың айтуынша көпшілік Оңтүстік Қазақстандағы ВИЧ жұқтырған балалар оқиғасын біледі. «Денсаулық сақтау саласымен жеке тиімділік ұғымдары ауысып жатқан шақта біз қалайша балалардың денсаулық құқына кепілдік береміз», дейді ол.

Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары Ілияс Бақтыбаевтың айтуынша базалық баяндаманы тек ұсыныстар ретінде қарастыру керек:

- Әрине мәселенің бәрі шешілді деп айтсақ ол шындыққа жатпайды. Ол деген сөз, біздің ата-заңымыздағы талаптар орындалу керек. Соны бақылауға алатын органдар болу керек, ол текқана прокурор емес, мына үкіметтік емес ұйымдар. Біздегі құқық қорғау органдарының қызметінің өзінде көптеген жерінде көңілге толмайтын жерлері бар. Осы баяндамадан алып алда тұрған мерзімге бір үлкен ұлттық бағдарлама дайындау осыған мүмкіндік беріп отыр.

Үкіметтік емес ұйым «Жария» атты әйелдер қоғамының директоры Гульзия Набиева бұл мәселеге орай мынадай пікірін білдірді:

- Көп адамдар біздің қоғамда адам құқықтары туралы білмейді. Адам өз құқығын білмесе оған ешкім көмектесіп дайындап бәрін әкелмейді.

Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия мүшесі Марат Башимовтың айтуынша базалық баяндама бұрыңғы құжаттарға қарағанда жақсы:

- Жылдан жылға Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия ол өзінің президентке ұсынысынғана беретін. Ал енді мынадай баяндама ол тек президенткеғана емес басқа мемлекеттік органдарға, бүкіл қоғамға көрсететін ұсыныстар болып тұрған секілді. Сол үшін біз оны маңызды деп санаймыз.

Ресми мәлімет бойынша баяндамада заңдарды талдау, мемлекеттік орган қызметіне берілген баға, Қазақстан ратификациядан өткізген 40 халықаралық құжатқа сәйкес адам құқықтары саласындағы тәжірибені жетілдіру жөніндегі ұсыныстар жинақталған. Базалық баяндама қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1500 данамен жарыққа шықты. Және жуық арада бұл құжат интернет кеңістігіндегі адам құқығы жөніндегі кітапханада жарияланады деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG