Accessibility links

Иран-АҚШ қос азаматтығына ие ғалым Теһран түрмесінен азат етілді


Иран-АҚШ қос азаматтығына ие ғалым Киан Тажбахш Теһран абақтысынан босатылды. Джордж Соростың Ашық Қоғам Институтында жұмыс істеген Киан Тажбахш қауіпсіздікке қатысты айыптар бойынша мамыр айында қамауға алынған болатын. Аталған институттың баспасөз-хатшысы хабарлағандай, Тажбахш сәрсенбі күні азат етілген бірақ ол әлі Теһранда қалып отыр. Ресмилердің айтуынша, Тажбахштың Ираннан шығуына тиым салынған. Оның ісіне жауапты болған сот кепілдік ретінде шамамен 100 мың АҚШ доллары берілуі тиіс деп белгіледі. Ирандағы танымал заңгер Әли Дадахахтың айтуынша, Иран заңына сәйкес Тажбахш сотсыз тым ұзақ уақыт бойы қамауда болды.

“Киан Тажбахштың түрмеден ақыры азат етілгендігі өте жақсы жаңалық болды. Бірақ Иран заңына сәйкес, сот жаңа себептерді таппаса, уақытша тұтқындау тек 2 ай ғана жалғасуы тиіс еді”, - дейді заңгер Дадахах.
XS
SM
MD
LG