Accessibility links

Дағыстанда екі көтерілісші мен бір полиция өкілі қаза болды


Ресейдің Дағыстан республикасындағы қақтығыста екі шешен көтерілісшісі мен бір полиция қызметкері қаза тапты. ИТАР-ТАСС-тың хабарына қарағанда, полицияның Махачкала аймағындағы Шешен көтерілісшілері басып алған ғимаратқа 12 сағаттық операциясы барысында тағы бір полиция қызметкері жараланған. Бүгін таңертең басталған әскери операция кеше Ресейдің қауіпсіздік күштері Махачкалада жауынгерлік топтың басшысын өлтірдік деп хабарлаған соң басталған. Раппани Халилов 2002 жылғы Каспийск қаласындағы әскери парадта 42 адамның өмірін қиған бомбалық шабуыл үшін айыпталған.
XS
SM
MD
LG