Accessibility links

Босния көбісі мұсылман 613 адамның азаматтығын қайтып алды


Босния-Герцеговина 1992-1995 жылдардағы соғыс кезінде азаматтық алған көбісі шетелдік мұсылман 600-ден аса адамды азаматтықтан шығарды. Ақпарат өкілдерінің бүгінгі хабарына қарағанда, арнайы комиссия азаматтық берілген жағдайларды қарап шығып, 613 адамның азаматтығын қайтарып алды. Олардың көбі түрік, сондай-ақ алжир, мысыр, иордан, судан, сирия, тунис және орыс ұлтынан болған. Олар соғыс кезінде Серб және Хорваттарға қарсы соғысу үшін босниялық мұсылмандарға көмекке келген екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG