Accessibility links

Франция мен АҚШ президенттері Иранға қарсы жаңа санкциялар салуды ұсынбақшы


Франция президенті Николя Саркози мен АҚШ президенті Джордж Буш Иран бойынша бүгін Уашингтонда болатын кездесу алдында Иранға қарсы қатаң шаралар қабылдауды талап етті. Саркози ядролық қару жасауды көздеп отыр деп Иранды айыптап, бейсенбі күні БҰҰ-ын Иранға бұрынғыдан да күшті санкция салуға шақырды. Құрама Штаттар президенті Уашингтон ядролық қаруланған Иранды төзе алмайды десе, БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Залмай Халилзад Құрама Штаттар Иранның ядролық жұмыстарын тоқтатудан бас тартуына байланысты Қауіпсіздік Кеңесіне Иранға қарсы санкцияны күшейтуді ұсынбақшы деп айтты.

“Біз уақыттың жеткенін байқай отырып, Иранның Қауіпсіздік Кеңесінің екі қарарын орындамай отырғанына байланысты Иранға қосымша санкциялар салу арқылы көбірек қысым жасау керек деп есептейміз. Әзірге бұл мәселе Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынылған жоқ, бірақ бұл алдағы апталарда болады деп сенемін”, - деген Халилзад.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG