Accessibility links

АҚШ пен Франция Иранға қосымша санкцияларды қою керек деп келісті


Америка Құрама Штаттары мен Франция Иранға қысым жасау жолдарын талқылап, елдің ядролық ұмтылысын тоқтату жолына келісті. Бұл жайында кеше АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс мәлімдеді. Ол мәселені Вашингтонда Франция сыртқы істер министрі Бернард Кухнермен талқылады. Екі тарап Иранға қосымша санкцияларды қою керек деп келісті. Франция президенті Николас Саркози осы аптада сөйлеген сөзінде Иран ядролық қаруға ұмтылып отыр деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG