Accessibility links

Анна Политковскаяның қазасына қатысы бар деп Шәміл Бураев айыпталды


Чешенстанда аудан әкімі болған Шәміл Бураев журналист Анна Политковскаяның қазасына қатысы бар деп айыпталды. Ресейдегі ықпалды журналистердің бірі Анна Политковская былтыр қазан айында Мәскеуде атып өлтірілген болатын. Шәміл Бураев Анна Политковская тұратын адресті табу үшін федералды қауіпсіздік қызметінің офицерін жалдаған деп айыпталды, адвокатының айтуына қарағанда. Шәміл Бураев адресті қылмысқа қатысқан басқа тұлғаларға берді делінеді.
XS
SM
MD
LG