Accessibility links

Иран Техрандағы парадта әскери мүмкіндігін көрсетті


Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмединежад экономикалық санкциялар мен қорқытулар Иранның технологиялық прогресін тоқтата алмайды деп айтты. Ахмединежад бұл туралы Иранның қырғи ұшақтары мен зымыранға қарсы радар құрылымдарының күшін танытқан әскери парадта айтқан. Оның бұл мәлімдемесі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Иранның уран байытуды тоқтатудан бас тартуына қатысты Техранға санкция енгізу мәселесін қарастырып жатқан талқылаулар жалғасып жатқан тұста айтылып отыр.

“Бүгінде ескі әдіс-тәсілмен психологиялық соғыс ашып, экономикалық санкциялармен Иран халқының қарқынды дамуын тоқтатамыз дейтіндер қатты қателеседі”

Иран президенті жексенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының басқосуына қатысу үшін Нью-Йоркке барады. Қыркүйектің 24 мен 26-на дейін болатын Бас Ассамблеяның бұл жиынына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып, сөз сөйлейді деп хабарлады қазақстандық ақпарат құралдары.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG