Accessibility links

Ауғанстанда 2 италияндық жауынгер хабар-ошарсыз жоғалды


КАБУЛ: Италияның қорғаныс министрлігі Ауғанстанда 2 ауғандықпен бірге хабар-ошарсыз жоғалған 2 жауынгері кісі ұрлаушылардың қолына түсті деп мәлімдейді. Ауғандық көлік жүргізушісі және ауғандық тілмәші бар 2 италияндық жауынгер сенбі күні Герат облысындағы Шинданд ауданында полиция күзетінен өткен, содан бері олар хабарсыз жоғалды. “Ассошиэйтед Пресс” агенттігіне берген сұхбатында Талибан қозғалысының өкілі Қари Юсеф Ахмади тәліптердің осы 4 адамды ұстаған-ұстамағанын білмейтінін мәлімдеді. Италияның қорғаныс министрлігі жоғалғандарды іздестіруге кіріскенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG