Accessibility links

Александр Лукашенко Ресей газ бағасын одан ары көтермекші деп сын айтты


Беларус президенті Александр Лукашенко Ресей табиғи газ бағасын жөнсіз көтеріп жатыр, монополиялық "Газпром" компаниясы газ бағасын одан ары еш қисынсыз көтермекші деп сын айтты. Лукашенконың айтуына қарағанда, "Газпром" компаниясы табиғи газ бағасын 15-20 пайызға өсірмек. "Беларус елі мұның есесін қайтаруға мәжбүр болады", - деді Александр Лукашенко. Ресей мен Беларустың газ саудасы келіссөздерінің барысына Батыс елдері ерекше назар аударып отыр. Себебі мұндай даулардың әсерінен Батыс Еуропаға баратын Ресей табиғи газының экспорты қысқарып қалған болатын.
XS
SM
MD
LG