Accessibility links

Исламабадта оппозицияның бірнеше жетекшісі қамауға алынды


Пәкістан астанасы Исламабадта кеше ел оппозициясының бірнеше жетекшісі қамауға алынды. Олар ел президенті Перуез Мұшарраф алда келе жатқан президент сайлауына қайтадан түспесін деп науқан бастаймыз деген. Пәкістан оппозициялық партиялары Жоғары сотқа қайырылып, Перуез Мұшаррафтың президент сайлауына тағыда түсуіне құқы жоқ, сот осы жағын жарияласын деп үндеу айтты. Пәкістан оппозициясы Перуез Мұшаррафқа қарсы көше наразылығын ұйымдастырамыз, халықты көшеге шығарамыз деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG