Accessibility links

Михаил Касьянов жаңа оппозициялық партия құрды


Ресейдің бұрынғы бас министрі Михаил Касьянов жаңа оппозициялық партия құрды. Партия "Демократия мен әділдікті жақтайтын халық" деп аталады. Партия құрылтайы кеше Мәскеу маңында Поведники қаласында өтті. Михаил Касьянов партия төрағасы боп сайланды. Михаил Касьянов келесі жылы наурыз айында президент сайлауына қатысамын деп мәлімдеді. Ал осы желтоқсан айында Ресейде парламент сайлауы өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG