Accessibility links

Перудің бұрынғы президенті сотқа тартылу үшін Лимаға келді


Осылайша, Альберто Фужимори Перуге 7 жылдан кейін оралып отыр. Оған сыбайласқан жемқорлық және кісі өлтіруге қатыстылық айыптары тағылуда. Чили Жоғарғы соты оны Перуге тапсыру жөнінде шешім шығарғаннан бір күн кейін Фужимори Лимаға қарулы жасақ бақылауында келді. 1990-шы 2000-шы жылдар аралығында билікте болған ол, өз үкіметі құласымен Жапонияға кеткен болатын. 2005-ші жылы Чилиге кеткен ол халықаралық тұтқындау негізінде қамалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG