Accessibility links

АҚШ Иранның барлау қызметіне қатаң жаза қолданбақ


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райстың мәлімдеуінше, Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы, оның ішінде Иранның “Әл-Кудс” деп аталатын барлау қызметіне қарсы жаңа жаза қолдану мүмкіндігін қарастыру үстінде. Ресми Вашингтон Иранның осы қызметін Ирақтағы терроризмді қолдайды деп айыптайды, ресми Теһран ол айыпты мойындамай келеді. “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында К.Райс Иранға қарсы жаза қолданудың барлық мүмкіндігін, оның ішінде күш қолдану мүмкіндігін қарастырылып жатқанын тағы да қайталап айтты. Бірақ АҚШ әзірше дипломатиялық тәсілді пайдаланбақшы.
XS
SM
MD
LG