Accessibility links

Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Г.Каспаров – Ресей президентіне үміткер


МӘСКЕУ: “Другая Россия” коалициясының Мәскеудегі аймақтық конференциясы шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Г.Каспаровты президент сайлауына оппозициядан түсетін ортақ үміткері етіп сайлады. “Интерфакс” агенттігінің хабарлауынша, дауыс берудің бірінші турында үміткердің есімі анықталмады. 2-нші турға Біріккен азаматтық майдан қозғалысының лидері Г.Каспаров пен экс-премьер-министр М.Касьянов шықты. “Другая Россия” коалициясының конференциясы Ресейдің 43 аймағында болып өтті. Ортақ үміткер туралы ақырғы шешім коалицияның 30-ыншы қыркүйекке белгіленген федералдық сиезінде қабылданбақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG