Accessibility links

Британия қорғаныс басшысы Талибандардың бейбітшілік процесіне қатысуы қажет болады деді


Британия қорғаныс министрі Дес Браун бір жағынан алғанда келешекте Талибандар Ауғаныстанда тұрақтылық орнататын бейбітшілік процестеріне қатысуы қажет болады деді. Браун бұл тұрғыда тәліптер бұдан сырт қалады дегенге сенбейтінін білдірді. Браунның бұл мәлімдемесі Ауған президенті Хамид Қарзайдың талибанды қолдаушыларымен келіссөз өткізуге мүдделі екенін білдірген соң айтылып отыр. Британия қорғаныс министрі сонымен қатар, Ауғаныстанда батыстық үлгідегі жүйе қалыптастыру мүмкін емес дей келе бірақ, ол жүйе ислам заңының түбірінде жатуы мүмкін деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG