Accessibility links

Ауғанстандағы коалициялық күштер 60-тан көп тәліптің көзін жойды


КАБУЛ: АҚШ армиясы хабарлағандай, Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд облысында Талибан жасақтарына қарсы шайқаста 60-тан астам тәліптің көзі жойылды, НАТО-ның басқаруына қарайтын коалицияның 1 жауынгері мерт болды, төртеуі – жараланды. Мұса Қала ауылынан келген тәліптер әскери патрульге тасадан шабуыл жасап, коалиция күштеріне көмекке соғыс авиациясы жіберіліп, шайқас бірнеше сағатқа созылды. Сондай-ақ кеше жанпидашыл-террорист өзінің автокөлігімен полицияның автокеруенін соғып, 5 полицей мерт болды, үшеуі жараланды.
XS
SM
MD
LG