Accessibility links

Ирақта жұқпалы аурудың эпидемиясы кең етек жайды – 11 адам мерт болды


ЖЕНЕВА: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ирақта жұқпалы тырысқақ дертінің эпидемиясы шығып, осы дерт ошақтарының Бағдад, Әл-Басра қалаларында аңғарылғанын және алғаш рет солтүстіктегі Әт-Тикрит, Мосул және Даһук қалаларында байқалғанын хабарлады. Дүниежүзілік ұйым жұқпалы ауруға Ирақта 2116 адамның шалдыққанын және олардың 11-і осы дерттен көз жұмғанын мәлімдеді. Барлық сырқаттың 2/3-сі солтүстіктегі Киркук облысында тіркелді. Тырысқақ ауруының шыққаны алғаш рет 13-інші тамызда хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG