Accessibility links

Ауғанстан елшілігі Қарзайдың Канада парламентінде сөйлеген сөзін Канада әскерилері жазып берді дегенді жоққа шығаруда


Канададағы ауған елшілігі бұл күлкі шақыратын бос сөз дейді. Канада әскери кеңесшілеріне 2006 жылы Қарзайдың Оттавада сөйлеген сөзінің жобасын дайындап беруді сұраған қағаздардың қолдарына түскендігін оппозициялық Жаңа демократиялық партия мәлімдеген болатын. Аталған партия Канада әскерлерінің Ауғанстандағы қызметін жалғастыра беруді өтінген бұл сөзді "саяси трюк" деп атаған еді.
XS
SM
MD
LG