Accessibility links

Израиль армиясы Газа аймағына жорық жасап, 9 палестиналықты өлтірді


ТАЯУ ШЫҒЫС: Израиль армиясының кеше Газа аймағын атқылауының салдарынан 9 палестиналық қаза болды. Израильдің соғыс ұшақтары экстремистер отырып келе жатқан автокөлікті нысанаға алып, “Ислам армиясының” 5 содыры көз жұмды. Сондай-ақ кеше Бейт-Ханун қаласында Израиль танкі экстремистер паналаған үйді атқылап, төртеуі мерт болды. Палестина жағының мәліметі бойынша, 20-дан астам адам жараланды. Израиль армиясы өзінің территориясын зымырандармен атқылап жатқан Газа аймағын тінтіп шыққанын растады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG