Accessibility links

Түркіменстан президенті өз елінің оқшауланғанын қаламайды


НЬЮ-ЙОРК: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов өзінен бұрынғы мемлекет басшысының “бейтарап” саясатын жалғастыратынын растады, бірақ Түркіменстанның оқшау болғанын қаламайды. Сәрсенбі күні БҰҰ-ының Бас Ассамблеясында Г.Бердімұхаммедов: “Түркіменстан өзге елдермен экономика, энергертика мен тасымалдау және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын дамытады”, - деп мәлімдеді. Түркімен лидерінің атап көрсетуінше, ресми Ашхабад Ауғанстанды да қолдай береді.
XS
SM
MD
LG