Accessibility links

АҚШ президенті соғысқа өткен жылғыдан 42 млрд. доллар артық ақша сұрайды


ВАШИНГТОН: АҚШ үкіметі Конгрестен Ирақ пен Ауғанстандағы соғыс қимылдарын қаржыландыруға шамамен 190 млрд. доллар қаржы сұрамақшы. Бұл қаржы өткен жылғымен салыстырғанда 42 млрд. долларға артық. АҚШ-тың қорғаныс министрі Робертс Гейтс қосымша қаражат жаңа соғыс техникасы мен құралдарды сатып алуға және АҚШ-тың Ирақтағы соғыс базаларын жабдықтауға қажет деп мәлімдеді. Америкадағы жаңа қаржы немесе бюджет жылы 1-інші қазанда басталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG