Accessibility links

Өзбекстан президенттігінен үміткерлердің саны бар да сапасы жоқ


Өзбекстандағы күмәнді болып отырған президенттік сайлауға ресми науқан жүріп жатқан күндері, президенттіктен үміткер азаматтардың алдына қойған мақсаттарының өзі шүбә келтіретіндей. Үміткерлердің кейбірі өздерінің кандидатурасын алға тартқанда, Батысқа елдегі желтоқсан айындағы президенттік сайлау демократиялық әрі бәсекелі түрде өтті деп көрсету үшін керек болып отырғанын айтса, тағы біреулері тіпті өздерінің елдегі қауіпсіздік қызметінің ықпалымен сайлауға түсетінін айтты.

Өзбекстанда басқаша ойлайтындардың кез-келгені ресми билік тарапынан жазаға ұшырайды. Қазіргі президент Ислам Каримовтың көптеген сыншылары және оның орнына таласқандар қуғынға түсті, түрмеге жабылды, кейбірі тіпті өліп те қалды.

Міне осындай ортада ешкім де тікелей президенттік сайлауға түсіп, Каримовтың қаһарына ұшырағысы келмейді. Дегенмен де, алдағы сайлауда Өзбекстан мемлекетінің басшылығынан бес адам үміткер болып отыр. Олардың мұндай бастамасы аймақта бірден Потемкин кандидаттары одан басқа ешқандай да жаңалық емес дегендей күмән тудырды. Өткен жылы Өзбекстанның көршісі Тәжікстандағы президенттік сайлауға президент Эмомали Рахмоновтың қайта сайлануына қауіп төндірмейтін белгісіз бес адам түскен болатын.

Өзбекстанның қазіргі заңдары бойынша президент Каримов келесі мерзімге президенттік сайлауға қатыса алмайды, бірақ ол әзірге дейін өзінің ойын әлі білдірген жоқ. Сондықтан да, бақылаушылардың көпшілігі Каримовтың сайлауға қайта түсуіне қандай да бір мүмкіндіктер ашылуы мүмкін деп біледі.

Хорезмнан президенттікке үміткер Сұхбат Абдуллаев Азаттық берген сұхбатында, өзіне 2006 жылдың соңында қауіпсіздік қызметінің бір адамы сайлауға түсуге нұсқау бергенін айтады. Абдуллаев өзінің сол ұсынысты орындап, қаңтар айының басында өзінің президенттік сайлауға қатысқысы келетінін жариялаған:

“Олар мені аймақтық ұлттық қауіпсіздік комитетіне шақырып, менің сайлауға қатысуым керектігін ашық айтты. Олар Өзбекстанға қоғамға белгісіз әрі қандайда бір былғаныш ойынға қатысы жоқ өте таза, қайталап айтайын, өте таза кандидат керек деп айтты. Олар сол кезде маған, бұл деген демократияның жемісі сияқты көрінеді деді. Өзбекстанда демократия бар екенін көрсетсең, саған ештеңе жасамаймыз деді олар”.

Өзбекстанның батысынан шығып отырған дәрігер Абдуллаев өзбек қоғамына аз ғана танымал. Ол өзін өзбекстандықтардың көбі қолдайды деп отыр. Ол сондай-ақ, өзіне бірқатар шетелдік ұйымдар қолдау танытып отырғанын айтты. Бірақ, «Азаттыққа» берген сұхбатында Абдуллаев ол демеушілері туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Сонымен қатар, президенттіктен үміткерлердің қалғандары да дүдәмал сауал тудырады. Мәселен, өткен аптада өзін сайлауға түсу ынтасы туралы айтқанға дейін Акбар Алиев қоғамға еш танымалы болмады. 64 жасар Алиев өзін ғалым, ақын, социолог, философ, тарихшы және әдебиет маманы ретінде таныстырады. Ол өзінің 1997 жылдан бері жұмыссыз екенін айтады. Азаттықтың Өзбек қызметіне берген сұхбатында Алиев, өзінің саяси белсенділігі биліктің қолымен жасалып отырғанын жоққа шығарды.

“Мүлде олай емес. Менің бұл тұрғыда үкіметпен ешқандай да қатысым жоқ”.

Өткен аптада бірқатар веб парақшаға жарияланған оның ашық хатында, Алиев президент Каримовты қалайда орнында ұстап қалу әрекеті елге сатқындық болады деген. Ол өзінің бұл айтқандары үшін билік тарапынан ешқандай шүйлігу болған жоқ дейді. Осыған дейін биліктен басқаша ойлап, сын айтатындарға ұстамдылық танытпайтын биліктің Каримов туралы мұндай сөз айтуға жол беріп отырғанына сену қиын.

Каримовтың келесі бір бәсекелесі тағы бір белгісіз тұлға 57 жасар Абдулло Тожибой Огли өзін тіркелмеген Адам құқықтарын қорғаушы одақтан екенін айтады. Ол «Азаттыққа» берген сұхбатында, Өзбекстанның бірқатар аймағында өткен алты апта бойы үнпарақшалар таратқанын айтты. Оның үнқағаздарының бірінде қазіргі билікті сынайтын сөздер жазылған. Мысалы, онда елде көптеген қордаланған проблемалар, оның ішінде жаппай кедейлік пен жұмыссыздық бар делінген. Тожибой Огли өзінің үнқағаздарын оқыған кейбіреулерді полиция шақыртып алып, жауапқа алғанын, кейбіріне айыппұл салғанын айтады. Бірақ, өзінің ол үнқазағдарды таратуына ешқандай кедергі жасалмағанын айтады.

Оның сөздеріне қарағанда, ол да биліктің қолдан жасаған кандидаты болып отырғандай. 2000 жылы президент Каримов сайлауда жеңіске жеткенде, оның бәсекелесі аз танымал бір адам ғана болған еді. Ол сайлауды халықаралық бақылаушылар сынға алған. Енді кандидаттардың бірі Абдуллаев өткен аптада «Азаттыққа» берген сұхбатында өзінің сайлаудағы мүмкіндігі нөль екенін айтып, Өзбекстан сайлаулары бұрынғыдай сайқымазақ болатын шығар деген.
XS
SM
MD
LG