Accessibility links

Иран лидері Латын Америкасының “сошыл” елдерімен ынтымақтастығын нығайтады


ЛА-ПАС: Венесуэлаға сапарының барысында Иран президенті М.Ахмадинеджад кеше Боливияға аялдады. Иран лидері Латын Америкасының “солшыл” үкіметтерімен арадағы ынтымақтастығын нығайтуға ұмтылады. Боливия мен Венесуэланың президенттері Эво Моралес пен Уго Чавес – Иранның даулы ядролық бағдарламасын қолдайтын әлемдегі санаулы лидердің қатарында. Боливияға аялдауынан 2 күн бұрын М.Ахмадинеджад БҰҰ-ының Бас Ассамблеясында ядролық қуат өндіруге Иранның толық құқы бар деп мәлімдеді. Ал АҚШ пен оның одақтастары Теһраннан ядролық қару жасап алуды көздейді деп күдіктенеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG