Accessibility links

Бежинде Солтүстік Кореяны қарусыздандыру туралы мәлімдеме пысықталады


БЕЖИН: Бүгін Бежинде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын жабу тақырыбы бойынша 6 жақты келіссөз жалғасады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары К.Хилл хабарлағандай, жоспар бойынша Қытай келіссөздің екінші күні ядролық қарусыздандырудың қандай қадамдары жыл соңына қарай аяқталуға тиіс деген мәлімдеменің жобасын таратып береді. Мәлімдеменің ақырғы мәтіні Солтүстік және Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, АҚШ және Жапония өкілдерінің арасындағы осы келіссөздің барысында әлі пысықталады.
XS
SM
MD
LG