Accessibility links

Украина президенті мен экс-премьер-министр тағы да коалицияға бірігуге келісті


КИЕВ: Бүгін Украинада сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны аяқталды. Президент В.Ющенко мен 2004-інші жылғы “қызғылт-сары төңкерістің” кезінде оның негізгі бақталасы болған қазіргі премьер-министр В.Януковичтің арасындағы көп айға созылған теке-тірестен туған саяси дағдарысы шешу үшін 30-ыншы қыркүйекке кезектен тыс парламент сайлауы тағайындалған болатын. Қоғамдық саулнамаға қарағанда, В.Януковичтің “Аймақтар партиясы” басым дауыс жинайтын сияқты. Бірақ кеше В.Ющенко мен экс-премьер-министр Ю.Тимошенко осы сайлаудан кейін тағы да коалицияға бірігуге уағдаласты.
XS
SM
MD
LG