Accessibility links

Грузия президенті бұрын жақын одақтасы болған қарсыласын түрмеге жапты


ТБИЛИСИ: Грузияның саяси оппозициясы халықты М.Саакашвилидің биліктен түсуі мен кезектен тыс президент және парламент сайлауын өткізу талаптары бойынша бүгін өтетін жаппай митингіге қатысуға шақырды. Оған себеп: Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі Ираклий Окруашвили “жемқор” деген айыппен кеше тұтқындалды. Бас прокурордың орынбасары Ника Гварамия мәлімдегендей, оған “қызмет бабын асыра пайдаланды”, “арам ақшаны жуды” және “бопсалаумен айналысты” деген айыптар тағылып отыр. Окруашвили кеше өз партиясының кеңсесінде тұтқындалды. Өткен күндері ол президент М.Саакашвилиді “бар билікті тартып алды” және “өзімен келіспеген саясаткерлерді өлтіруге бұйрық берді” деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG