Accessibility links

Хорватиялықтар Вуковар қырғынына қатысты үкімге наразы


Хорватиялықтар 1991 жылғы Вуковар қырғынына қатысты бұрынғы Югославия әскерінің қызметкерлеріне шығарылған үкімге көңілдері толмай отыр. БҰҰ-ның Гаагадағы соғыс қылмыстары жөніндегі соты Балқан соғысы басталған кезде Хорватия қаласындағы аурухананы баспана еткен 194 адамды қырғаны үшін серб әскерінің екеуіне 20 жыл мен бес жыл берді. Үшінші әскер куәгерлердің куәлігі аз болғаны үшін ақталған. Кеше Вуковарға барып, жергілікті тұрғындардың ашуын басуға тырысқан Хорватия премьер министрі Иво Санадер бұл сот үкімін “масқарашылық” деп атады. Президент Стипе Мезич өз мәлімдемесінде Гаага сотының бұл үкімін “мүлде миға қонымсыз” деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG