Accessibility links

Ресейдегі оппозиция Г.Каспаровты президентікке ұсынды


Оппозициялық “Басқа Ресей” коалициясы президенттікке үміткер ретінде шахмат ойындары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Гари Каспаровтың кандидатурасын таңдады. Мәскеуде өткен коалицияның ұлттық конгресінде 498 адамның 379-ы Каспаровты қолдап дауыс берді. Бұл туралы коалицияның баспасөз-хатшысы Людмила Мамина “Ассошиэйтед Пресс” ақпарат агенттігіне хабарлады. Ресейдегі президент сайлауы келесі жылдың наурыз айында өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG