Accessibility links

Гуантанамо абақтысынан 8 тұтқын басқа жерге көшірілді


Кубадағы “Гуантанамо Бэй” АҚШ әскери базасынан 8 тұтқын Таяу Шығыс пен Азия үкіметтерінің абақтысына көшірілді. Атап айтқанда, тұтқындардың алтауы Ауғанстанға, біреуі Ливияға, ал сегізіншісі Йеменге көшірілді. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс департаментінің баспасөз-хатшысы хабарлады. Көшірілген тұтқындардың аты жөні аталмады. Гуантанамо абақтысында лаңкестікке, немесе Әл-Қаида мен Талибанға қатысы бар деген күдікпен 330-ға жуық тұтқын бар. Олардың көбі айып тағылмастан бірнеше жыл бойы тұтқында отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG