Accessibility links

Журналистер бүкіл Пәкістандағы баспасөз-клубтарының үстіне қара жалау көтерді


ИСЛАМАБАД: Президент П.Мушаррафтың екінші 5 жылдық мерзімге қайта сайлануына қарсы наразылық шарасын полицияның күштеп таратуына байланысты бүгін Пәкістан журналистері “қаралы күнді” атап өтуде. Пәкістандағы келесі президент сайлауы 6-ншы қазан өтуге тиіс. Жұма күні Жоғарғы сот П.Мушаррафтың армия басында қала отырып, екінші рет президент болып сайлануына құқы бар деген шешім шығарды. Оған қарсы наразылыққа шыққан адвокаттар мен оппозиция белсенділерін және журналистерді полиция резеңке таяқ пен көзден жас ағызатын газды қолдана отырып қуып таратты. Пәкістан журналистерінің федералдық одағы оны “масқара әрекет” деп атап, бүкіл елдегі баспасөз-клубтарының үстіне қара жалау іліп, наразылық жиындарын өткізуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG