Accessibility links

Мальдив аралында қолдан жасалған бомбаның жарылысынан 12 турист жараланды


КОЛОМБО: Малдив аралының полициясы шегемен нақышталған бомбаны кісі лық толған саябақтың сыртында жарып, 12 шетелдік туристі жаралаған жергілікті 2 тұрғынды тұтқындады. Қолдан жасалған бомба сенбі күні аралдың астанасы – Мале қаласында іске қосылды. Үкімет өкілінің хабарлауынша, осы қастандықты іске асырудың себебі анықталмады және ұсталғандарға айып тағылатын-тағылмайтыны да белгісіз. Мальдивтің авторитарлық президенті Момун Абдул Каюм бұл қастандыққа ресми билікке қарсы күштер айыпты деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG